Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Павлодарлық «Версия» газетінің редакторы Ярослав Голышкин қамауға алынды

18 мамыр 2015

Бейсенбі, 14 мамыр күні Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаевты бопсалау және қаржылай қаражатты қорқытып алу қылмыстық ісі бойынша ҰҚК арнайы тобы павлодарлық «Версия» газетінің редакторы Ярослав Голышкинді ұстады. «Әділ сөз» қорына газет редакциясынан түскен хабары бойынша соттың журналисті 2 ай мерзімге қамауға алу санкциясы 16 мамыр күні түскен. Павлодар облыстық сотының баспасөз-қызметінде бұл ақпаратты әзірше растамады.

Бейресми ақпарат бойынша, «Версия» редакторының тұтқындалуы өңірлік басшысына жасалған бопсалау-мыс туралы іс маңындағы тергеумен байланысты болуы мүмкін. Іс Қ.Бозымбаевтың арызы бойынша қозғалды. Онда әкім белгісіз біреулердің 500 мың доллар талап етіп, орынына Қ.Бозымбаевтың ұлы қатысқан қылмыс туралы бейнематериалын бермек болған. Бейнеде жәбірленуші зорлаудың облыс әкімінің мемлекеттік резиденциясында болғанын және оған әкім ұлының қатысты екенін баяндап айыптайды.

Павлодар журналистері ерекше көрсетеді: мемлекеттік резиденциясы аумағында зорлау болғаны туралы әңгімелердің өршігеніне екі айдан асты. Содан бері БАҚ қылмыстың орын алғаны-алмағаны туралы құқыққорғау органдарына қайта-қайта өтініш жолдаған, алайда ешқандай жауап келмеген. «Версия» газеті «слухи» айдарында қорғалатын объектіде жоғары лауазымды чиновниктің ұлы қызды қорлағаны, кейін ол қызды қорқытумен ауызын ашпауға мәжбүрлегені туралы жазылған.



Өз сұрағыңызды қойыңыз