Журналист Андрей Цукановты көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартпақ
16/12 видеопорталының журналисі Андрей Цукановтың көрінеу жалған ақпарат таратқаны туралы фактісі расталса, оған 5 мың АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы иә ол 2-ден 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Әзірше Андрей Цуканов куәгер статусында, яғни ҚР ҚК 274 б. 3 т. 2 б «БАҚты немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалану арқылы көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша қозғалған іске байланысты қорғалуға құқы бар.
17 сәуірде «Фейсбуктегі» өзінің парақшасында Андрей Цуканов қоғамдық қайраткер Қанағат Такеева туралы пікірін білдірген (http://goo.gl/2LV22T).
- Мен Қанағат Такееваның, өзін несиеалушылардың қорғаушысы ретінде таныстырып, алайда адамдарды таңдап қорғайтыны туралы өз ойымды білдірдім. Сөзімді дәлелдеу үшін адамдарды үйлерінен күштеп шығарып жатқаны туралы репортажға сілтеме жасадым. Такеева мені осында шақырып алып, өзі келмеді. Сол үшін жалған ақпарат таратылды және жеке өмірге қол сұқты деп менің үстімнен арыз жазылыпты, - дейді Андрей Цуканов.
Ол бұл арыздың соншалықты шапшаң іске алынғанына таңғалуда.
- Адамдарды үйлерінен күштеп шығарып жатқаны туралы репортажға сілтемені 18 сәуір, сенбіде, шығардым, ал мені келесі күні таңертең сағат 11-де көшеден ұстап, ІІД апарды да жауап алды, - дейді Цуканов.
Тергеуші Әзиз Ходжаев шақыру қағазын сол күнгі сағат 17.00-ге жазып берген. Андрей Астанаға сағат 18.00 шығатын поезге билет алып қойғанын, сол себепті ол күні келе алмайтынын, ал 23 сәуірден кейін кез келген уақытта тергеушінің талабы бойынша келуге дайын екенін ескертіп, міндеттеме жазған.
- Вагонға отыра бергенімде, полицейлер кіріп, поездан алып шығарды. Қайта тергеушінің алдына апарды, алайда ол күні ешқандай тергеу амалдары жасалған жоқ. Сағат жарымдай ІІД уақыт өткізген соң, босатып жіберді. Келесі күні сағат 12.00-ге шақырды, тағы ешбір тергеу амалы жасалмады. Кейін сағат 19.00 телефонмен шақыртты, Такеевамен және арызданушымен көзбе-көз беттестірді, — дейді Цуканов.