«Курсивтен» жоғалған пайда үшін 5 млн. теңге талап етілуде
«Астана Агропродукт» ЖШС-ы республикалық «Курсивъ» іскерлік апталығының онлайн-басылымын ар-намыс, қадір-қасиет пен іскерлік беделін төмендеткені және келтірілген залалдың орынын толтыру үшін сотқа берді.
2014 жылдың 3 қарашасында басылған ақпараттық мақаланың фотосуреті дауға себеп болған: «Халәл аталатын колбасаның 150 үлгісінің 136-нда шошқа еті табылды, - деп хабарлайды Алматы арнасы.«Ата дәстүрінің мұрасы» қоғамдық қорының құқыққорғаушылары «Халал» жазуы бар өнімге сенімсіздікпен қарауға шақыруда. Мақалаға иллюстрация есебінде «Астана Агропродукт» ЖШС-ының «Бакара» маркасы колбасасының фотосуреті берілген.
Талапкер былай дейді: «фотосурет басылған соң «Астана Агропродукт» ЖШС-небұрыннан келе жатқан тұтынушылардан наразылық хаттар көптеп түсті. Олар халал-өнімінің сапасына күмәнмен қарап, тауарды жеткізіп тұру туралы келісім-шарттық қарым-қатынасын тоқтатты.Осының салдарынан «Астана агропродукт» ЖШС-іне материалдық зиян келтірілді - 5 000 000 теңге көлемінде жоғалған пайда, яғни тұтынушының «Бакара» колбасасын енді сатып алмауына байланысты.
«Курсивъ» ЖШС-нен талапкер іскерлік беделін масқаралайтын ақпаратты жоққа шығаруды және 5 млн. теңге өндіріп беруді талап етеді.
Талап арыз Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына тапсырылды. Сот отырысы 22 сәуіріне тағайындалды.