«Диапазонның» журналистері сайлау туралы сауалнама жүргізу кезінде ұсталды
Сәуірдің 21-де Ақтөбеде «Диапазон» басылымының тілшісі мен фотосуретшісін президенттік кеүміткерлер туралы сауалнама жүргізу үстінде полицейлер тоқтатып, өздерінің күркесіне кіргізіп, олардан жазбаша түрде түсініктеме талапеткен.
«Океан» аялдамасының маңайы, орталық даңғылында «Диапазонның» тілшісі Юрий Гейст пен фототілші Владимир Зобенко ақтөбеліктерге, олар президенттік кеүміткерлердің аты-жөндерін білемесыңайлы сауалнама жүргізген. Журналистердің айтуынша, қастарына полисмен
келіп, полицияның күркесіне кіруді талап еткен. Полицей журналистердің сауалнама жүргізуге
рұқсаты бар-жоғын және бұның сайлауалды үгіт емес екеніне көз жеткізгісі
келгенін алдыға тартты. Полиция күркесінде
журналистердің құжаттарын тексеріп, түсініктеме жазуды өтінген. Өз қызметтік
және жеке куәліктерін полисмендер сыртқы бейнекамераларға көрсетіп,
журналистерден кешірім сұрап, оларды босатқан.
«Әділ сөздің»
түсініктемесі:
Қазақстан Республикасының
Конституциясына сәйкес әр азамат ақпаратты, заңмен
тыйым салынбаған тәсілмен, еркін алуға және оны таратуға, құқылы (20 б.,2 т.). Бұл
құқық сонымен қатар ҚР «Бұқаралық ақпарат
құралдары туралы» заңында да бекітілген (2 б., 1 т.). Ақпаратқа қол жеткізу
және оны тарату құқығы Қазақстан Республикасымен ратификацияланған, яғни
қолдануға міндеттелінген, Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық
Пактіде де бекітілген (19 б.).
ҚР «Қазақстан
Республикасының ішкі істер органдары туралы» заңына сәйкес полиция
қызметкерлерінің міндеттеріне құқықбұзушылықтың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті
сақтау кіреді. Журналистердің азаматтарға сауалнама жүргізуі – құқықбұзушылық
емес, қоғамдық қауіпсіздікті бұзбайды және оған заңмен тыйым салынбаған. Бұл жағдайда полицияның әрекеттері негізсіз
болғандықтан журналистердің прокуратураға арыздануға құқығы бар.