Полиция рейдін жазуға барған журналист Қуаныш Нұржанов ұсталынып, сұрақ астына алынды
Ақтауда шығатын «Не хабар?!» газетінің тілшісі Қуаныш Нұржанов 4 сәуірде Манғыстау облысының ІІД БАҚпен байланыс үшін жауапты қызметкер Азамат Сәрсенбаевқа хабарласып, одан полицияның түнгі «Жас өспірім» рейдіне қатысуға рұқсат алған. «Тумба», «Лада» газеттеріндегі , Қазақстан-Ақтау телеарнасындағы әріптестерімен, сондай-ақ, білім басқармасының өкілдерімен бірге кешкі сағат 10-нда қызметіне кіріскен. Рейдтің ортасы, түнгі сағат 2.00-ге таман тек 1 ғана жас өспірім ұсталынған, сол себепті қосымша фактіні іздеу үшін Қуаныш таңға дейін рейдке қатысуды жалғастырмақ ниет білдірген. Рейдтың құжаттарын толтырып болғанша, тілшіге облыстық әкімшілік полициясының ғимаратында, ұсталынған адамдардың қасында күте тұруды ұсынған. Уақытын бекер өткізбейін деп, Қ.Нұржанов диктофонын тағыда тексеріп тұрған кезінде, полицейлердің біреуі участкіде болып жатқан жағдайды, ұсталынған адамды әдепсіз түрде қорлап жатқан полицей-әйелді де жазып тұр деп түсініпті. Журналисттің диктофонын, екі бірдей құжаты – жеке куәлігі мен «Не хабар?!» тілшісінің куәлігін тартып алып, өзін түнгі сағат 2.00-ден 3.00 дейін полиция полковнигі Нұржан Рахаев сұрақтың астына алған. Сен кімсің? Жазуға кім рұқсат етті? Қандай қақың бар? деген сауалдарға қайта-қайта біркелкі жауап берген журналистті газеттің бас редакторы Сәния Тойкен хабарласқан соң босатқан. Бүкіл рейдтің мәліметтері, сонымен қатар басқа да материалдар диктофоннан өшірілген. 5 сәуірде Қуаныш Нұржанов пен Сәния Тойкенді Манғыстау облысының ІІД Әкімшілік полициясына шақырып, олардан әкімшілік полиция басқармасы бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Бауыржан Айбеков пен полицейлер кешірім сұрапты.