Апелляциялық сот ADAM bol журналын жабу туралы шешімді заңдастырды
26 ақпан 2015
26 ақпан күні Алматы қалалық сотында Медеу аудандық сотының ADAM bol журналын жабу туралы шешіміне редакцияның апелляциялық арызы бойынша сот отырысы өтті.
Судья Я.Т. Нәбиев бірінші инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдыру туралы Қаулы шығарды.
Естеріңізге салайық, Алматының Ішкі саясат басқармасының талабы бойынша судья А.Әбішеваның шешімімен журнал 24 желтоқсанда жабылды. Талапқа сылтау болған Украинада тұратын қазақстандық Айдос Садықовтың журналда басылған «Наши на чужой войне» интервьюі. Талапкер мақаладан агрессивті соғыстың насихатын көрген.