Сот әділеттілігі тақырыбына байқау жалғасуда
26 қаңтар 2015
Баспалы бұқаралық ақпарат құралдарында сот қызметі туралы ең үздік мақалаға байкау жалғасуда. Ұйымдастырушылары - судьялар Одағының Орталық кеңесі, Қазақстан журналистерінің Одағы және «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қоры. 2014 жылдың басынан 2015 жылдың 20 наурызына дейін қазақ және орыс тілінде басылған репортаждар, очерктер, аналитикалық мақалалар қабылдануда. Жүлделер: бірінші орынға – 250 мың теңге, екінші орынға – 150 мың теңге, үшінші орынға – 100 мың теңге.
Мақалаларды түпнұсқасында (сканерленген) және электронды форматта төмендегі имейлдерге жіберіңіз: union96@bk.ru (Судьялар одағы), info@adilsoz.kz(фонд «Әділ сөз»)