ADAM bol-дың соты: судья кеше жарық көрген ұйғарымды шығарды
Жабылған ADAM bol журналы басшылығының арызы бойынша алдын ала 5 ақпанға жоспарланып қойған Алматы қалалық соты апелляциялық коллегиясының отырысы басталмай тұрып, аяқталды. Отырысты ашқан судья Я.Т. Нәбиев талапкер өкілі де, жауапкер өкілі де сотқа келмегенін анықтады. Талапкер ретіндегі қалалық әкімшілігі өкілінің ауырып қалуына байланысты отырысты басқа күнге тағайындау туралы өтініш кеше сотқа түскен болатын. Осы себепті процесс төрағасы отырыстың 26 ақпанға аусатыны туралы шешім шығарды.
Қызығы сол, кеше, 4 ақпан күні, сағат 19.00-де 19-шы қаңтардан бері қарсылық ретінде аштық ұстаған ADAM bol журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиеваға судья Нәбиевтың хатшысы, процесстің белгісіз мерзімге аусатынын хабарлаған. Г. Ерғалиева мұнымен келіспейтінін білдірді. Жарты сағаттан кейін Алматы қалалық сотының сайты, «Медиацентр. Новости» бөлімінде http://almaty.sud.kz/rus/news/otlozheno-v-svyazi-s-boleznyu журналдың жабылуы туралы ісі бойынша апелляциялық процессі 26 ақпанға ауысқаны туралы хабарлама жарық көрген.