«Республика» болжам бойынша француз Charlie Hebdo журналы мұқабасындағы фотосурет үшін Роскомнадзордан ескерту алды
20 қаңтарда бірқатар ресейлік БАҚ Ресейдің байланыс, ақпараттық технологиялар және бұқаралық коммуникациялар саласындағы бақылау жөніндегі федералды қызметі көбіне қазақстандық контенттен тұратын «Республика» ақпараттық аналитикалық порталына діни карикатураларды басып шағарғаны үшін ескерту жасады.
Порталдың шеф-редакторы Ирина Петрушова «Фейсбуктегі» бетінде мәлімдегеніндей, «Республика» редакциясы Роскомнадзордан еш хабар алмаған. Айтуына қарағанда, портал діни тақырыпты карикатураларды баспаған, мүмкін наразылық «атылған» «Charlie Hebdoның» дүние жүзі бойынша үш миллион данасы таралып кеткен нөмірі туралы материалына болған шығар (http://www.respublika-kaz.info/news/politics/39933/). Редактор Роскомнадзордың ескертуі туралы мәлімдемесі 16 қаңтарда, ал порталдың материалы 14-нде, яғни түсіндірме келіп түскенге дейін, шықты.