«ADAM bol» «Президентпен серуенді» өткізді
12 қаңтардың түсінде сот шешімімен жабылған«ADAM bol» журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева Алматы Арбатында «Президентпен серуен» акциясын өткізді. ADAM bol логотипы көрсетілген Н. Назарбаевтың суреті қолында, ол журналистер, қоғам қайраткерлері және оқырмандар арасында жүріп, халыққа өз акциясының мән-мағынасы мен себебін түсіндіріп танымал орталықпен өтті.
Басылым заңгерлерінің және бірқатар құқыққорғаушылардың пікірі бойынша «ADAM bol» журналын жабу туралы сот шешімі заңдылықты өрескел бұзумен шығарылды. Бұл әрекетке бірнеше абыройлы халықаралық ұйымдар қарсылығын білдірді. Г.Ерғалиева мен басылымның Қамқоршылық кеңесі журналдың жабылуы туралы Елбасына хат жолдады, алайда жауап әлі күнге дейін келмеді.
12 қаңтарда журналдың қорғаушылары Алматы қалалық сотына апелляциялық арыз түсірді. Бас редактор, журналисттер мен басылымның жақтастары екінші сот инстанциясы істің материалдарын мұқият зерттеп, негізді және әділетті қаулы шығарады деген сенім білдіруде.