«Актюбинский вестник» газетінің сайты бұзылды
5 қаңтар 2015
3 қаңтар күні белгісіз біреулер облыстық «Актюбинский вестник» газетінің сайтын бұзды. Бетті ашу кезінде экранға «Зарублен Rajaoui PS. Марокканский Hacker. Тени Команда Хакер. Rlkhilafah скоро иншааЛлах» деген сөздер жазылыпты.
Басылымның бас редакторыАйгүл Нұркеева «Экспресс К» газетіне хабарлағанындай, газеттің электронды нұсқасының мұрағатын жоғалтып алу қауіпі болды. Алайда «Актюбинский вестниктің» программистері бар күшін салып, мұрағатты қалпына келтірді.
Редакция кінәлілерді іздемейтінін мәлімдеді.