Kloop.kg порталының басшылығы «джихадист балалар» туралы материалды алып тастаудан бас тартты
27 қараша 2014
Өтініштің себебін дәлелдеу үшін Б.Әбсаттарова лаңкестік және діни экстремизммен күресуге бағытталған бірқатар халықаралық нормалар мен ҚР заңнамалық актілеріне жүгінген. 15 минутқа созылған бейне түсірілім «Ислам мемлекетінің» медиа-орталығы, «Аль-Хаят» компаниясымен 22 қарашада таратылған. Субтитрлары ағылшын, орыс және араб тілдерінде жазылған. Kloop.kg порталында бұл бейненің «ДэйлиМэйл» сайтынан алынғаны туралы сілтемесі бар.
Kloop.kg порталының редакциясы өз жауабында өтініштің қабылданбайтынын түсіндірген: терроршылдық топтардың әрекеттері туралы ақпарат тарату қандай да халықаралық нормаларға, Қырғызстан Республикасының заңнамасына, журналисттік этикаға қайшы келмейді, «материал әбден бейтарап түрінде берілген және онда ешқандай лаңкестікті насихаттау жоқ», оның мақсаты – қоғамды күрделі мәселемен таныстыру.