Кассациялық инстанцияның қаулысы ADAMbоl журналын барынан айырып, құрдымға итермелеуде
26 қараша 2014
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйектің 5-нде Алматы қаласы Медеу аудандық соты Атыраудағы «Иманғали» мешіті имамының орынбасары Ерсін Әміренің ар-намыс, қадір-қасиет пен іскерлік беделін қорғау және «Казахстанский фронт сирийской войны» (№7 от 21.02.2014) мақаласында таратылған мәліметтердің масқаралайтынын мойындату туралы «ADAMbol» журналының иесі - «ADAMDAR» ЖШС-не қатысты талап-арызы бойынша шешім шығарды. Мақалада Ерсін Әміре хабашиттердің Қазақстандағы өкілдерінің бірі ретінде шетелден құнды нұсқаулар алып тұрады деп көрсетілген; сонымен қатар, Ерсін Әміренің ойынша, мақалада қаралайтын жазулары бар фотосуреттер оның рұқсатынсыз басылған.
Жауапкер моральдық нұқсанды өндіру үшін 2,5 млн. теңге төлеуге және таратылған мәліметтерді жоққа шығаруға міндеттелген.
27 қазанда Алмалы қалалық соты Алматы қаласы Медеу аудандық сотының шешімін ішінара өзгертіп, моральдық залалдың сомасын 500 мың теңгеге дейін төмендетті.
Нұқсанды өтеудің сомасын бес миллион теңгеге дейін өсіру – басылымның қызметін тоқтатуға апаратын түрі бар. 26 қарашада таратылған журналдың хабарламасында редакция кассациялық инстанцияның шешімін билік тарапынан жасалып отырған саяси тапсырыс дейді: «Бұның артында мүдделі тұлғалар тұруы мүмкін, нақтылап айтқанда, күш құрылымдарының ең жоғарысынан. Бүгінгі процесстің тапсырыспен өткені көрініп-ақ тұр. Редакцияға «бақылау оқ ату» жасалды десе де болады».
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 20 қарашада Медеу аудандық соты әкімшіліктің талабын қамтамасыз ету шарасы ретінде ADAMbol журналының жұмысын тоқтатқан болатын. Бұл іс бойынша бірінші сот отырысы 28 қараша саған 10.00-ге тағайындалды. Істі Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы А. Әбішева қарайтын болады.