«Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам»журналының басшылары экстремизмді ақтау материалдарын таратқаны үшін айыппұл төлейді
30 шілде 2014
Шілденің 30-нда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты «Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам» журналының бас редакторы Жарылқап Қалыбай мен «Отбасы баспасы» ЖШС-ың иесін экстремизмді ақтау материалдарын таратқаны үшін кінә тақты (ӘҚБК 344 б. 2 б.). Сот бас редактор мен басылым иесінен 15 және 70 АЕК мөлшерінде айыппұл өндірілуі жөнінде қаулы қабылдады.
Естеріңізге түсірейік, сот ісіне себеп болған Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің әкімшілік басқармасының бастамасы. Сәуір айында шығарылған журналдың даулы нөміріндегі Адольф Гитлердің жеке және саяси өмірі, оның тұлғасының түрлі адамдарға әртүрлі әсер ететіні туралы материалдар сылтау болған.
Бас редактордың айтуынша, Гитлер туралы мақалалардың барлығының мақсаты – фашистік Германия басшысының қалыптасу жолын, оның идеяларының бүкіл адамзатқа қасірет әкелетінін көрсету болатын. Әділет министрлігінің Сот сараптама Орталығының сарапшысы Н. Мұқанова журналдың бір «Адольф Гитлер — фашист емес» материалынан экстремизмді ақтау белгілерін тауып алады. Өз кезегінде, тәжірибелі лингвист-сарапшылар, тюркология және қазақ тілі мамандары, филология ғылымдарының кандидаттары Рахилә Қарымсақова мен Аяужан Таусоғарова, мақалаларға толық зерттеу жүргізіп, № 8 «Аңыз адам» журналында ондай белгілер жоқ деген қорытынды жасайды.
Алдыңғы сот отырысында Әділет министрлігінің Сот сараптама орталығында қайталап кешенді сараптама тағайындау туралы қорғаушылардың өтініші қанағаттандырылған еді. Алайда ресми сараптама Орталығынан мамандардың тапшылығына байланысты ондай сараптаманы жүргізу мүмкінгінің болмауы туралы хат келіпті.
- See more at: http://www.adilsoz.kz/news/show/id/1555#sthash.ATADTmNg.dpuf