Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

“TengriNews” телеоператоры Юрий Съединді тұншықтырмақ болды

29 шілде 2014
Шілденің 29-нда «Galaxy group» компаниясының күзеті мен қызметкерлері “TengriNews” ақпарат агенттігінің телеоператоры Юрия Съединге шабуыл жасады.
Оқиға компанияның өртке оранған қоймаларын бейнекамераға түсіріп жатқан кезде орын алған. Қойма аумағына журналисттерді кіргізбеген, айла тауып ең басында кіріп кеткендерден бейнетүсірілімді беруді талап етіп, шығармаған.
Флеш-картаны тілші Ирина Грибовскаяға берейін деп ұмтылған Юрийге компания қауіпсіздік қызметінің бірнеше күзетшісі шабуыл жасап, одан флеш- карта мен камераны тартып алмақ болып, тұншықтырған. Galaxy group-тың тағы бір әйел қызметкері осы сәтте операторды тістелеген.
БАҚ өкілдері араша түсіп, Юрийді босатып алған. Өз кәсіби қызметіне зорлаумен кедергі келтірілгені жөнінде оператор құқыққорғау органдарына арызданбақ.
Өз сұрағыңызды қойыңыз