«Уральская неделяның» журналисі Талғат Умаровқа бес миллион теңгеге талап қойылды
8 тамыз 2014
Батыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаты Әлібек Сәтбаев Орал қаласының № 2 сотына «Журналистская инициатива» ЖШС, «Уральская неделя» газетінің журналисі Талғат Умаровқа және қорғаушы Абзал Құспановқа қатысты ар-намыс, қадір-қасиет пен іскерлік беделін қорғау туралы талап-арыз түсірді.
2014 жылы сәуірдің 17-нде «Уральская неделя» газетінде басылған облыстық Жер қатынастары басқармасында орын алған 15 миллион теңгенің ұрлануы туралы іс жөніндегі сот отырысы туралы «Қызы сотта, ұлы прокуратурада» «Дочь в суде, сын в прокуратуре» мақаласы сылтау болған. Мақалада айыпталушылардың бірінің қорғаушысы Абзал Құспановтың сот отырысында тергеудің бас күдікті Әлібек Сәтбаевты оның сот пен прокуратура органдарында қызмет жасайтын лауазымды балаларының арқасында жауапкершіліктен тыс қалдырғаны туралы сөзі келтірілген.
Өзінің талап арызында депутат «Менің кінәм жөніндегі күдіктерініз қылмыстық істің материалдарына емес, тек қорғаушы Абзал Құспановтың сөзіне және Сіздің пікіріңізге негізделген. Алайда мақала ар-намысыма, қадір-қасиетіме және іскерлік беделіме, сондай-ақ, ұлым мен қызымның ар-намыс қадір- қасиеттеріне нұқсан келтіретін тұжырымды түрде берілген». Депутат соттан жауапкерлердің масқаралайтын мәліметтеріне терістеме басуын және моральдық залал ретінде 5 миллион теңге өндіруін міндеттеуді талап етеді.
Арыз беру алдында Сәтбаев сотқа дейнгі тәртіппен терістеме басуды талап еткен. Редакция Т.Умаровтың жәй қорғаушының сөзін ғана келтіргенін дәлелдеп, терістеме шығарудан бас тартқан. Қандай да бір өз пікірін иә қорытындысын журналист те, редакция да білдірмеген. Ең қызығы, редакция бұл сөйленіс жөніндегі депутаттың пікірін де басқан. «Журналистская инициатива» Әлібек Сәтбаевтың наразылығына газет бетіне оның жауабын басып шығаруды ұсынған. Алайда, депутат бұл мүмкіндігін пайдаланбады.