Полиция офицері халықаралық «Түркістан» газетінің журналисі Нәзия Жоямергенге шабуыл жасады
28 қыркүйек 2014
28 қыркүйекте халықаралық «Түркістан» газетінің журналисі Нәзия Жоямерген өрт шыққан жер - Алматы қаласының Бөгенбай батыр мен Қарасай батыр қиылысындағы «Бастау» бильярд клубына жетті.
Бұнда өрт сөндіру көліктері, тәртіп сақшылары да барып үлгеріпті. Н. Жоямерген полицейлерді басқарып жүрген капитанға: ғимаратта адамдар қалған жоқ па және бұл орында қауіпсіздік шаралары қалай сақталған екен деп сауал қойған. Жауаптың орынына офицер журналистті боқтық сөзбен қорлап, қарап тұрған көп адамдардың арасынан итере бастапты. Осы сәтте «Полицияның ар-ождан кодексін» полицейдің есіне түсіре бастаған Н. Жоямергенді ұрайын деп қолын көтеріп, тағы да қаттырақ итергенде, журналист құлай жаздапты.
«Әріптесім, «Алаш айнасы» сайтының журналисі Қанат Әбілқайыр арамызға тұра қалмағанда, офицер мені соққыға жығар еді, өйткені ол осы әрекетін екі рет жүзеге асырғысы келді», — дейді журналист.
Нәзия Жоямерген Алмалы аудандық ІІД-не есімін айтпаған офицерді тауып, журналистің кәсіби қызметіне кедергі жасау туралы арыз жолдамақ.