Журналист Аян Шәріпбаевқа билік өкілдеріне қарсы тұрды деп кінә тағуға тырысты
7 қазан 2014
6 қазан сағат 23.30-да «Адам бол» журналының бас редакторы Аян Шәріпбаевты тұратын үйінің ауласының кіре берісінде екі жол полициясының қызметкері тоқтатты. Олар бірден Аянның көлікті масаң күйінде жүргізгенін айтып, кінә тақты. Куәліктерін көрсетуді талап еткен журналистің қолдарын бұрап, басын жүксалғышқа ұрған. Кейін медициналық куәландыруға жеткізген. Жасалған анализдердің нәтижесі А.Шәріпбаевтың сау екенін дәлелдеген. Хаттаманың көшірмесін беруден бас тартылған.
Одан әрі полицейлер А.Шәріпбаевты Алматы қаласы Медеу ауданының ІІД апарып, билік өкілдеріне қарсылық көрсеткені туралы іс қозғамақ болған. Журналист бұзушылықтың фактін мойындамай, құжаттарға қол қоймады. Куәландыру туралы да, тағылған айып туралы да құжаттардың көшірмелерін берместен, журналисті босатқан.
Халықаралық «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қорына Аян Шәріпбаев өзінің прокуратураға арыз түсіргенін айтты. Өз кезегінде прокуратура дене зақымдарын анықтау медициналық куәландыруды тағайындайды. Болған жағдайды журналист кәсіби қызметімен байланыстырады.