Журналист Валерий Сургановтың судья Дания Қисықоваға жала жабу жөніндегі соты бітімгершілік келісіммен реттелді
4 шілде 2014
2014 жылдың 4 шілдесі
4 шілдеде INSIDERMAN интернет-порталының бас редакторы Валерий Сургановтың Дания Қисықоваға жала жабу айыбы жөніндегі кезекті сот отырысы қорытындылау отырысына айналды. В. Сурганов апелляциялық инстанциясында Астана қалалық сотының судьясы Дания Қисықова жүргізген зорлау жөніндегі ісі туралы мақалалардың тым субъективті болғанын, бірқатар шындыққа жанаспайтын мәліметтер қамтылғанын мойындап, моральдық күйзеліске ұшыратқаны үшін судьядан кешірім сұрады.
Айыптау тарапынан кешірім қабылданып, бұдан әрі сайт пен әлеуметтік желілерден даулы мақалалар алынып тасталған жағдайда сотқа берген арызын қайтарып алатыны хабарланды. Естеріңізде болса, судьяға жала жабу туралы қылмыстық іс Д. Қисықованын арызы бойынша 2013 жылдың 22 қарашасында қозғалған. Даулы мақалалар басылған INSIDERMAN жобасының жетекшісі ақпарат көздері мен материалдардың авторларынын есімдерін жариялаудан бас тартуына байланысты іс «белгісіз тұлғаларға» қарсы қозғалыпты.
26 қарашада тергеушінің қаулылары бойынша Валерий Сурганов екі қылмыс – судьяға жала жабу және әділеттіліктің жүзеге асырылуы мен алдын-ала тергеуге кедергі келтіруі бойынша күдікті болып табылды. 1 сәуірде интернет-ресурстың бас редакторы тергеушінің қаулысымен жоғарыда аталған баптарға сәйкес айыпталушы статусына енді.