Апелляциялық инстанцияның қаулысымен «Аңыз адам» журналының редакторы 13 ардагердің әрқайсысына 100 мың теңгеден моральдық залалды өндіруге міндеттелді
12 қыркүйек 2014
2014 жыл 12 қыркүйек
12 қыркүйекте Алматы қалалық сотында Нұрлан Мұхамеджанұлының төрағалығымен өткен апелляциялық коллегиясы Алматы қаласының № 2 Алмалы аудандық сотының «Аңыз адам» журналының бас редакторы Жарылқап Қалыбайға қатысты Ұлы Отан соғысы 13 ардагерінің талап-арызы бойынша шығарылған 30 маусымдағы шешімін ішінара өзгертті. Апелляциялық инстанция ардагерлерге өндірілетін моральдық залалдың сомасын - 13 миллион теңгеден 1 млн. 300 мың теңгеге түсірді – талапкердің әрқайсысына 100 мың теңгеден.
Естеріңізге сала кетейік, істің сотта қаралуына Адольф Гитлердің жеке және саяси өміріне, қоғам ішінде оның тұлғасын қабылдаудың бірқалыпты еместігіне арналған «Аңыз адам» журналының сәуір айында басылып шыққан нөмірі сылтау болған. Бұдан бұрын талапкерлердің өкілі Нұртас Ахметов «Азаттық» радиосына баяндағанындай, журналдың осы нөмірінде Адольф Гитлер өз кезеңінің жағымды тұлғасы ретінде мақтанышпен көрсетілген. Ардагерлер бас редактордың Қазақстан халқынан және ҰОС ардагерлерінен кешірім өтінуді, сондай-ақ, әрқайсысына 5 млн. теңгеден моральдық залалды өндіріп беруді сұраған. Ол соманы түгелімен Республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі Алматы қалалық филиалының есеп-шотына аударуды талап еткен.
Бір қызығы: апелляциялық тыңдауларға келген жалғыз талапкер «Аңыз адам» журналының мазмұнымен таныспағанын, бұдан бұрын журналды көрмегенін, тіпті талап арыздың не себепті берілгенін және Ахметов деген қорғаушыға өз мүдделерін қорғауға сенім хат бермегенін ерекше айтып өтті. Сонымен қатар, ардагер Адольф Гитлердің әрекеттерінің салдарынан миллиондаған адамдардың жапа шеккеніне байланысты, оны мақтанышпен көрсетуге өзінің қарсылығын білдірді.
Лингвист-мамандардың қорытындысына сәйкес, «Аңыз Адам» журналының (2014 ж. №8) идеялық-тақырыптық мазмұнының талдауы оның мағыналық бағыттылығы Германияның соңғы фюрері тұлғасының қалыптасу жолын көрсету үшін, оның идеясының тұтас адамзатқа қырғын әкелгенін көрсетеді ...».
Жарылқап Қалыбай апелляциялық коллегияның қаулысына арыз түсірмек.