«16/12» интернет-порталының редакциясы тінтілуде
9 маусым 2014
9 маусым 2014 жыл
9 маусым күні, сағат 13.30да Астана қаржы полициясының оншақты қызметкері «16/12» интернет-порталының астаналық тілшілер пунктінің офисіне баса көктеп кірді. Порталдың тілшісі Санат Урналиевтің хабарлауынша, полицейлер Алматы қаласы прокурорының «Продюсерский центр «Панорама» және «Ракурс» ЖШС-не қатысты қылмыстық істің шеңберінде тінту жүргізуге рұқсат қағазын көрсеткен. Іс ҚР ҚК 193 б. – заңсыз жолдармен табылған ақшалай қаражатты заңдастыру мен ізін жасыру бойынша қозғалған. Тінту порталдың заңгері келген бойда басталады.
Қаржыполдар «16/12» порталының осы ЖШСпен байланысының бар-жоғын және оның ақшалай қаражаттың ізін жасыру схемасына қарым-қатынастығын анықтамақ ниетте.
Естеріңізге салайық, бұдан бұрын осы іс бойынша тергеу әрекеттері «Аман-саулық» қоғамдық қорына қатысты жүргізілген.