Қарағандының депутаттары «Взгляд на события» газетінің бас редакторын қылмыстық жауапкершілікке тартпақ
5 маусым 2014
5 маусым 2014 жыл
Қарағанды қалалық маслихатының депутаттары Татьяна Кравченко, Әдия Әлімбаева, Қабдығали Оспанов «Взгляд на события» газетінің редакторы Сергей Перхальскийдің үстінен полицияға қорлау туралы айыптау арызын түсірген. Айыптауға газетте шыққан «Депутаты с другой планеты» мақаласы себеп болған.
Мақала депутаттардың қоғамдық көліктің жұмысын тексеру мақсатында жүргізілген рейді туралы жазылған.
Қалалық маслихаттың хатшысы Қабдығали Оспановтың Қарағанды ІІД жазылған арызында былай делінген:
«Перхальский Сергей Леонидовичты ҚР ҚК 320 б. 2 т. сәйкес(бұқаралық ақпарат құралдарын қолдану арқылы билік өкілін қорлау) қылмыстық жауапкершілікке тартуды өтінемін, өйткені ол 2014 жылдың 9 мамырында №57 «Взгляд на события» апталық газетінде менің фотосуретімді пайдалана отырып өз сөйленістерін басу арқылы қызметтік міндеттемелерімді орындау кезінде мені Қарағанды қаласының аумағында билік өкілі ретінде бұқара алдында қорлады …»
Халық қалаулыларына мақаланың мынадай: «Себебі олар үшін осындай рейдке шығу - қарапайым азаматтардың лимузинмен шалқығанына пара пар: бір жағынан барлығы түсінікті, бірақ қызықты және әдеттегідейге ұқсамайды, сол себепті эмоция аса түседі. Осы жолы да біздің депутаттар адамдардың арасына шығуымен біраз күлдіртті», «Ең қызықтысы, олқылықтардың барлығын депутаттар солай болуы керек есебінде қабылдап, үйреншікті қайталай берді: ескеру керек, мәселені көтеру керек, алдын алу керек...», «Депутаттар сайлаушыларымен қатар автобуста жүрсе нелері кетер еді» үзінділері ұнамапты.
Мақаланың авторы Сергей Перхальский депутаттарды қорладым иә төмендеттім деген ойдан аулақ. Бар болғаны, өз көзқарасын білдіргенін айтады.
Журналистен іс бойынша учаскелік полицей жауабын алды. Казіргі уақытта тергеу алдындағы тексеру өткізілуде.
«Әділ сөз» анықтамасы:
ҚР ҚК 130 б. сәйкес қорлау – «біреудің ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту». Бұл қылмыстың құрамында әдепсіз түрде кемсітудің міндетті компоненті - мамандығы, жасы, қызметі, басқасына қатысы жоқ, тек нақты біреуге бағытталған болуы керек.
«БАҚ туралы» заңның 2 б.: «Сөз, шығармашылық бостандығына, өз көзқарастары мен сенімдерін баспа арқылы және өзге де нысанда білдіруге, ақпараттарды заңда тыйым салынбаған кез келген әдіспен алуға және таратуға құқық беріледі» делінген.