«Антиеуразиялық жиналыс» туралы материал дайындамақ болған журналистер төрт тәулікке қамалды
28 мамыр 2014
28 мамыр 2014 ж.
27 мамырда Астананың маңында полицейлер Еуразиялық экономикалық одақты (ЕЭС) құру идеясын сынаған жиынның 20ға жуық қатысушыларын ұстап алды. Азаттық радиосы хабарлағанындай, қатысушылармен қатар шара туралы материал дайындап жүрген Азаттық радиосының репортері Өркен Жоямерген, «16/12» интернет-порталының қызметкерлері Санат Урналиев пен Виктор Гудзь де ұсталыпты.
Ұсталынған он адамға, ішінде журналисттер Өркен Жоямерген мен Санат Урналиев те бар, ұсақ бұзақылық айыбы тағылды (ҚР ӘҚБК 330 б., 1 т.). Мамырдың 27-нен 28-не қараған түнде Астананың мамандандырылған әкімшілік соты Азаттықтың репортері және «16/12» порталының тілшісін айыпты деп тауып, оларды төрт тәулікке тұтқындау жөнінде қаулы шығарды. Қалған сегізіне үш тәуліктен төрт тәулікке дейін қамауға алу жөнінде әкімшілік жаза қолданды.
Осы орайда Астана қаласының ІІД баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова Азаттық радиосына былай деді: «олардың барлығы қоғамдық тәртіпті бұзып, демалушылардың тыныштығына кедергі келтірді». Нақты қандай құқық бұзушылық жасалынғаны туралы баспасөз хатшысы анық айтпады. Кейін Азаттықтың анықтағаны, полицейлерге «антиеуразиялық жиналыс» өтіп жатқан орынның қасында жүрген Астананың жеті тұрғынынан арыз түсіпті-мыс. Онда жиынға қатысушылар тұрғындарға бағыттап әдепсіз балағаттағанын, тіпті бірқатарларын соққыға жыққанын баяндапты.
Қамалғандар айыппен келіспейтінін, өйткені бұл арыздар Еуразиялық Экономикалық Одақ құру туралы келісімге қол қою алдындағы арандатушылық екенін айтады. Санат Урналиевтің Facebook бетіндегі мәліметтеріне сүйенсек, жиын өту кезінде бірнеше адам келіп ұрынып, төбелес бастады. Осы уақытта полицейлер шеттен бақылап тұрды. Кейін омонның қызметкерлері жетіп, адамдарды ұстай бастады.