Қарағандыда «Пятый канал» арнасының түсірілім тобын соққыға жықты
13 мамыр 2014
13 мамыр 2014 жыл
Қарағандыда «Пятый канал» телеарнасының түсірілім тобына шабуыл жасалынды. Жағдай Нұркен Әбдіровтің даңғылында орналасқан «Дэвачан» мейрамханасының қасында орын алған. Бұл жерге журналист Айымтөре Абдина мен оператор Арғын Өмір жазғы кафелерді жоспарлы түрде бұзу туралы бейнекөрсетілім түсіруге келген. Оларды көрші көпқабатты үйдің тұрғындары шақырып, тура терезелерінің астындағы құрылыс жұмыстарының даңғырын айтып, шағымданған.
Түсірілім кезінде журналистерге елу жастағы ер адам келіп, өзін «Дэвачан» мейрамханасының қожайыны ретінде таныстырып, телетүсірілімді тоқтатуды талап еткен. Тележурналистер оның талабын орындаудан бас тартқан кезде, ер адам камераны итере бастапты. Айымтөре Абдинаны әдепсіз сөздермен қорлап, соңынан ұрып жіберген. Ер адамның ерсілігіне қарсылық білдірген операторға да шабуыл жасап, төбелес бастаған. А. Абдина ұялы телефонынан полицияға хабарласқанда ғана жанжалқор тоқтапты.
Айымтөре Абдина мен Арғын Өмір соққы іздерін қалалық медициналық мекемеде тексертіп, құқыққорғау органдарына арыз түсірді.