«Аңыз адам» журналының бас редакторы Жарылғап Қалыбайдың экстремизмді ақтау айыбы бойынша сот ісі басталды
18 шілде 2014
18 шілде 2014 жыл
2014 жылдың 18 шілдесінде Алматы қаласы бойынша Ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотында Д.Алыбаевтың төрағалық етуімен Алматы қаласының Ішкі істер департаменті әкімшілік басқармасының талабы бойынша № 8 «Жулдыздар отбасы. Аныз адам» журналының редакторы Жарылғап Қалыбайға қатысты сот тыңдаулары басталды.
Журналистің кезекті сот қудалауына Адольф Гитлердің тұлғасы туралы журналдың сәуір айында шыққан нөмірі себеп болған. Әділет министрлігіне қарасты Сот сараптамасы Орталығының ұсынысы бойынша бір рет қана тәртібінде сот сараптамасын жүргізуге тартылған сарапшы-саясаттанушы Н. Мұқанова «Адольф Гитлер — фашист емес» материалынан экстремизмді ақтау белгілерін анықтаған. Осының негізінде Алматы қаласының ІІД Ж. Калыбайға Әкімшілік құқық бұзу Кодексінің 344 б. 2 т. бойынша айып тағуда.
Сотта маман-лингвист, филология ғылымдарының кандидаты Рахилә Қарымсақова, өзі дайындаған сараптаманың қорытындысы бойынша «Аңыз адам», №8, 2014 ж. журналының мақалаларында экстремизмді ақтау белгілерінің орын алмағанын дәлелдеп, сөйледі.
Келесі сот отырысы 24 шілдеге тағайындалды. Ж.Қалыбайдың қорғаушыларының Әділет министрлігіне қарасты Сот сараптамасы Орталығының ұсынысымен сараптаманы жүргізуге тартылған сарапшы Н. Мұқанованы сотқа шақыру туралы өтініші қанағаттандырылды.