Апелляциялық инстанция «Правдивая газетіне» айыппұл салу және шығуын тоқтата тұру туралы шешімді өз күшінде қалдырды
8 қаңтар 2014
- 8 қаңтар 2014 жыл
- 28 желтоқсан күні Алматы қалалық cоты Қанат Молдашевтың төрағалық етуімен Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2013 жылы 18 желтоқсан күні «Правдивая газеті» жөніндегі екі шешімін, бір іске біріктіріп, қарады.
- Естеріңізге салайық, «Правдивая газетінің» редакциясы 18 желтоқсанда Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы А.Қоразбаеваның екі шешімін алды. 22 қарашада шығарылатын газет нөмірі баспаханада 20-сы қарашада басылып қойғаны үшін газетке 50 АЕК айыппұл салынғаны туралы. Және осы нөмірдің алғашқы баспа-таңбасында газеттің шығу мәліметтері анық көрінбегені үшін оның шығуын үш айға тоқтата тұру туралы.
Апелляциялық инстанция шешімдердің екуінде өз күшінде қалдырды.
- Басылым адвокаты Рауф Тойматов жауапкерлердің өкілі мен адвокаты сот отырысында болмауына байланысты шешімнің күші жойылуын талап етті, өйткені құрылтайшы және бас редактор Әлия Ысмағұлова да, адвокат Р.Тойматов та сот отырысы болатыны туралы ешқандай хабар алмағанын, ал шақыру қағазы жіберілген мекенжайы бойынша құрылтайшы да, газет қызметкерлері де тұрмайтынын және редакцияның орналасқан жері де басқа екенін дәлелдесе де, судья Қ.Молдашев оны назарға алмады.
- Баспахананың ақау жібергені, техникалық қате өз есебінен түзетілгені және түзетілген нөмір 21 қарашада басылғаны туралы үш ресми хатына да, тәуелсіз таратушының 22 қарашаға дейін бір де бір данасы сатылымға түспегені туралы сөзіне де назар аударылмады.
Басылымның өкілдері қадағалау инстанциясына арыз түсірмек.
- «Правдивая газетіне» жұмыс жасаған 8 айдың ішінде екі рет өте жоғары мөлшерде айыппұл салынды және оның шығуы сот арқылы екі рет 3 айға тоқтатылған болатын.