Прокурордың талабы бойынша «Правдивая газетін» жабу жөніндегі соты басталды
12 ақпан 2014 жыл
12 ақпанда Алматы қаласының Бостандық аудандық сотында прокурордың талабы бойынша «Правдивая газетін» жабу жөніндегі бірінші отырысы өтті.
Сотқа қатысушы прокурор Бауыржан Жамақаев 2013 жылы газеттің шығу мәліметтерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке үш рет тартылғанын айтты. Ал газеттің өкілі Рамазан Есергепов сот отырысы кезінде заңбұзушылықтар бірі бірін қайталамайтынын және газет оларды жою үшін қолдан келген бар әрекетті жасағанын дәлелдесе де, қорғаушының өтініштері қанағаттандырусыз қалдырылды.
Келесі отырыс 14 ақпан, сағат 16ға тағайындалды.
«Правдивая газеті» - тәуелсіз басылым, бірінші нөмірі 2013 жылдың сәурінде жарық көрген. Бұл БАҚты қудалау хроникасын көріңіздер:
http://www.adilsoz.kz/news/konfiskovan-pervyj-nomer-pravdivoj-gazety/
http://www.adilsoz.kz/news/pravdivaya-gazeta-priostanovlena-na-3-mesyaca-2/
http://www.adilsoz.kz/news/sud-reshil-snova-oshtrafovat-i-priostanovit-pravdivuyu-gazetu/
http://www.adilsoz.kz/news/prokuror-baurzhan-zhumakanov-trebuet-prekratit-vypusk-pravdivoj-gazety/