Журналист Андрей Гришин полицейлер оның кәсіби қызметіне кедергі келтіргенін мәлімдеді
17 ақпан 2014
- 17 ақпан 2014 жыл
- Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстанның Халықаралық бюросының журналисі Андрей Гришин Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуроры Б.А.Жұмақановқа Бостандық ауданының Ішкі істер бастығының орынбасары Берік Хамзинның іс-әрекеттеріне байланысты арыз түсірді.
- Журналист, 15 ақпан күні қала басшысымен кездесуге келген қоғам қайраткерлерден комментарий алмақ болып, әкімшілік қасынан оларды күтіп тұрғанда, негізсіз ұсталынған. Қасына келген Берік Хамзин бірден дөрекі түрде журналисттен құжаттарын көрсетуді талап еткен. Жеке куәлігі мен қызмет куәлігі көрсетілген соң, полицей оларды өз қалтасына салып, осы журналистер «бәрін түсіреді, шақырады, провокация ұйымдастырады» дейді де ішінде екі полицейі бар көлікке отыруды бұйырады. Қалталары мен рюкзагының ішіндегісін көрсетуге мәжбүрлеп, ешбір күмәнді зат таппаған соң, видеокамера мен ұялы телефонын тартып алады. Соңынан журналистті Бостандық аудандық ішкі істер басқармасына әкеліп, ұстаудың себебін айтпастан, 2 сағаттан кейін журналисті босатады. Гришинның ойынша, Б.Хамзин өз іс-әрекеттерімен және журналисті себепсіз ұстауымен, қызметтік лауазымын пайдаланып, журналистің заңды кәсіби қызметіне тікелей кедергі келтірді (ҚР Қылмыстық кодексінің 155 б., 2 т.).
- Одан басқа, Бостандық ауданының Ішкі істер бастығының орынбасары сол күні Алматы қ. Ауданаралық әкімшілік сотында таңертең өткен девальвацияға байланысты бейбітшілік шеруге қатысушылардың ісі қаралатын ашық сот отырысына баспасөзді кіргізбеуді бұйырды.
- Гришин прокуратурадан аталған фактілерге байланысты тергеу жүргізуді, құқықтық баға беруді және Алматы қ. Бостандық ауданының Ішкі істер бастығының орынбасары Б.Хамзинге қатысты прокурорлық шара қолдануды талап етеді.