Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Аудан прокуроры журналист Жанна Байтеловаға ескерту жасады

19 ақпан 2014

19 ақпан 2014 жыл

«Ассанди таймс» газетінің тілшісі Жанна Байтелова редакцияның тапсырмасы бойынша 15 және 16 ақпан күндері Алматыда «Казахстан» қонақ үйінің алдында және Республика алаңында өтетінбейбіт митингілер туралы жазу керек еді. Алайда, бір күн бұрын Алматы қ. Бостандық ауданының прокуратурасы оған ҚР «Прокуратура туралы» Заңының 25-1 б. Тәртібінде Заңды бұзуға болмайтыны туралы Ескерту» жіберген. Бұл құжатқа қол қойған Бостандық ауданы прокурорының орынбасары Б.Жұмақанов жиналыстарды, митингілерді, пикеттерді, көше шерулері мен демонстрацияларды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескерту жасапты.

Журналист бұны заңды кәсіби қызметіне кедергі деп есептеп, редакция тапсырмасын орындапты.



Өз сұрағыңызды қойыңыз