«Правдивая газетаның» жабылуы Қазақстанның БАҚ-ның көппікірлігін жояды дейді ЕҚЫҰ Сөз бостандығы мәселелері жөніндегі өкілі Дунья Миятович.
27 ақпан 2014
- 27 ақпан 2014 жыл
- ЕҚЫҰ Сөз бостандығы мәселелері жөніндегі өкілі Дунья Миятович Қазақстанда шығатын «Правдивая газетаның» жабылуына байланысты алаңдайтынын білдірді.
- Ұсақ-түйектер, мәселен шығу мәліметтері сияқтыкемшіліктер Қазақстан билігінің іс-әрекеттерін ақтайтыны және бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығы мен ақпаратқа қол жеткізуді шектеуі мүмкін екені мазалайды, - деді Дунья Миятович 26 ақпанда Нью-Йоркте өткен бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығы жөніндегі конференциясында.
- «Правдивая газетаға» қатысты сот шешімі заңнамалық реформаның қажеттілігін талап ететінін Миятович атап айтты. Бюроның жақында дайындаған Қазақстанның Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекс жобасының анализіне сәйкес жазалаудың тең емес түрлерін ұстанған ережелерді алып тастаған жөн. «Қазақстанда соңғы жылдары БАҚтарды жабу және жұмысын тоқтата тұру санының күннен күнге ұлғаюы мені мазалайды. Бұл медианың плюрализміне жағымсыз ықпал етеді, сол себепті мен билікті беталысын өзгертуге шақырамын», - деді Миятович.