Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Туристік компанияның жетекшісі «5 арна» журналистерін жала жапты деп айыптады

6 ақпан 2014

6 ақпан 2014 ж. 

Оған «5 арна» тілшісі Людмила Батюшкинаның  2013 жылдың 12 желтоқсанындаэфирге шыққан туристік бизнес саласындағы алаяқтық әрекеттер туралы   түсірілімі себеп болған. Материал қарағандылық Валерий Васильевтың  қаладағы туристік фирмаларының бірімен қомақты сомаға кепілақша келісімге тұрып, ертеңіне оны бұзуға әрекет етсе де, бұза алмауына байланысты дайындалыпты.

«Gold Famili Travеl» ЖШС директоры Тимур Букетов түсірілімнің бірқатар видеосуреттерінен өз фирмасының офисын таныған көрінеді. Ол журналистті жала жапқаны және бизнесіне залал келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы сотқа арыз түсірді. Сонымен қатар, Т.Букетов телеарнаның дикторы Светлана Дементті де «Қарағандылықтар шетелге жолдама ұсынатын алаяқтардың қармағына тағы түсуде» деп түсірілім алдындаайтқан сөзі үшін  жауапкершілікке тартпақшы.

Өз сұрағыңызды қойыңыз