Наргиз және Владимир Северный ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Наргиз және Владимир Северныйды ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы (бопсалау) бойынша кінәлі деп тапты. Владимир Северныйды 7 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтеуге, Наргиз Севернаяны 8 жылға бас бостандығынан айырып, жазаны өтеу мерзімін 5 жылға кейінге шегеру туралы үкім шығарды. Өйткені, кәмелетке толмаған баласы бар. Қамауда ұстау мерзімі – 2023 жылғы сәуірден бастап – бір тәулікті бір жарым тәулікке санау есебімен жазаны өтеу мерзіміне есептеледі.
Айыптау нұсқасы бойынша ерлі-зайыптылар осы жылдың сәуір айында Ақтаудан келген кәсіпкер Зарета Фаталиевадан 15 млн.теңге, ал теріс материалдарды жарияламағаны үшін 2019 жылдың маусым айында Алматы кәсіпкерінен 200 мың теңге бопсалаған.
Наргиз Северная екі эпизод бойынша кінәлі деп танылса, Владимир Северный Фаталиева эпизоды бойынша ақталды.
Журналистер мен олардың адвокаттары үкіммен келіспейді. Наргиз Северная үкімге шағымдануға ниетті екенін мәлімдеді.
Северныйлардың адвокаты Елена Жигаленоктың айтуынша, істе көптеген дәлсіздіктер бар және ҚР Конституциясының 77-бабы бойынша айыпталушының кінәсіне қатысты барлық күмәнді олардың пайдасына түсіндірілу керек еді.
Аудиожазбалардың стенограммаларының сараптамасы Наргиз Севернаяның сөздерінде ақша беру туралы талап емес, тек пиғыл яғни өтініш білдіру бар екенін растады. Қорғаушының бастамасы бойынша жүргізілген сараптама жәбірленушілердің жеке басын теріс бағалау да, олардың атына Северныйлардың сөздерінде ешқандай қауіп жоқ екенін көрсетті.
Алайда, 28 қарашада өткен жарыссөзде прокурор журналистер Владимир, Наргиз Северныйларды бопсалау бойынша кінәлі деп тануды, әрқайсысын 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.