Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Құқықтық медиа-орталық Instagram-да жаппай бот шабуылына ұшырады

31 тамыз 2026

Instagram-дағы жаппай бот шабуылынан кейін Құқықтық медиа-орталық бірқатар жазбаларына пікір жазуды уақытша шектеді.

Ұйымның мәліметінше, шабуыл өткен сайлауға қатысты бес жазбаны қамтыған. Қысқа уақыт ішінде бұл жазбалардың астына бір-біріне ұқсас мыңнан астам пікір қалдырылған.

Пікірлерде журналист Вадим Борейконың қаржылық қиындыққа тап болғаны туралы жалған ақпарат таратылып, күдікті сілтемелер жарияланған. Кейбір пікірлерде қолданушыларды банк есеп-шотына ақша аударуға шақырған.

Құқықтық медиа-орталық мұндай шабуылға екінші рет тап болып отырғанын хабарлады.

Ұйым: «Бұл - жаппай шабуылдың екінші толқыны. Біріншісі, шамамен бір апта бұрын болған, бірақ қазіргі шабуыл ауқымы жағынан әлдеқайда үлкен», - деп мәлімдеді.

Қор өкілдері күдік ұялататын белсенділіктің күрт өсуі, бірдей хабарламалардың көптеп жариялануы және боттардың пікір қалдыруы Instagram алгоритмі тарапынан жасанды белсенділік ретінде қабылдануы мүмкін деп алаңдайды. Нәтижесінде Құқықтық медиа-орталықтың аккаунтына да шектеулер қолданылуы ықтимал. Осыған байланысты жазбаларға пікір қалдыру уақытша өшірілген.

Еске сала кетейік, сайлау алдында Құқықтық медиа-орталық директоры Диана Окремованың және Media Qoldau қызметінің жетекшісі Гүлмира Біржанованың жеке Facebook аккаунттары бұғатталған болатын.

Бұған дейін ұйымның әлеуметтік желілердегі ресурстары да шабуыл ұшырап, бұғатқа түскен. 2026 жылғы ақпанда болған бірқатар шабуылдан кейін Құқықтық медиа-орталықтың YouTube арнасы өшірілді.

Соңғы аптада журналистер мен медиа қауымдастық өкілдері, белсенділер аккаунттарының бұғатталғаны туралы, жаппай шағымдар мен әлеуметтік желілердегі басқа да күдікті белсенділік туралы хабарлады.

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз