ҚР қылмыстық кодексінің 274-бабын қолдану тәжірибесіне қатысты «Әділ сөз» сөз қорының мәлімдемесі

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотын ҚР ҚК 274-бабы бойынша нормативтік қаулыны қабылдауды жеделдетуге, сондай-ақ оны сот практикасында мұқият зерттеу қажеттілігін бекітуге шақырады.
Қор нормативтік қаулы құқық қолдану практикасының біркелкілігін және шешім қабылдаудың әділдігін қамтамасыз етуі тиіс, ол үшін құқық бұзушылық құрамының барлық үш белгісі мазмұны мен міндеттілігін анықтау:
- ақпарат тек жалған факт туралы мәлімдеме болуы;
- оны тарататын адам оның жалғандығын білуі және қасақана әрекет етуі;
- тарату айтарлықтай зиян келтіруі керектігін
түсіндіру қажет екендігіне назар аударады.
Қор аталған критерийлерді талдау болмаған кезде қылмыстық құқық нормасын кеңейте түсіндіру қаупі туындайды дейді.
«Әділ сөз» қоры елдің егеменді мемлекеттің ақпараттық кеңістігін қорғау құралдарын иеленуге құқылы екенін мойындайды. Алайда, мұндай шараларды кәсіби міндеттерін адал атқаратын журналистерге қысым жасау құралы ретінде қолдануға болмайды деп санайды.
Қазақстан Республикасында сөз бостандығын қорғау үшін заң, құқықтық айқындылық және әділ сот талқылауы қағидаттарын сақтау маңызды.



