Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Қазақстандағы Құрылтай сайлауы қарсаңында тәуелсіз медиа мен журналистерді бұғаттау жағдайлары жиіледі

14 тамыз 2026

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Назира Дәрімбет «Азаттық» радиосына берген сұхбатында: «Кәсіби шектеулер санының көбеюі медиаортада ішкі цензураның күшеюіне әсер етуде», - деп мәлімдеді.

Еске салайық, соңғы уақытта Қазақстанның ақпарат кеңістігінде тәуелсіз медиаға қысым көрсету, соның ішінде аккаунттарды бұғаттау және контентті өшіру жағдайлары жиілеген.

Назира Дәрімбет: «Біз мұны референдум қарсаңында да байқағанбыз. Сол кезде осындай жағдайлар күрт көбейген еді. Әлеуметтік желілердегі бұғаттау мен аккаунттарды өшіру дерегі өте көп болды. Ал Құрылтай сайлауы қарсаңында да анау бұғатталды, мынау бұғатталды дегенді естіп жатырмыз. Meta-ға YouTube-тағы көптеген видеоға жаппай шағымдар түседі. Олар не өшіріледі, не бұғатталады, не аккаунт жабылады», - деді.

«Әділ сөз» қорының президенті: «Мұның бәрі санаулы тәуелсіз басылымдардың, журналистердің, блогерлердің, белсенділердің, тіпті ақпарат кеңістігінде белсенді азаматтардың өз пікірін ашық айтуға қауіптеніп, өзіне-өзі цензура жасауына әкеледі. Сөз бостандығының шектеліп отырғаны анық, әрі бұл шектеулер барған сайын айқын сезіле түсуде», - дейді.

Өз сұрағыңызды қойыңыз