Қазақстанда 25 қыркүйек – Жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
25 қыркүйек 2026

Каспий теңізінің жағалауында өткен әскери оқу-жаттығуы кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты Қазақстанда 25 қыркүйек – Жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.
Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында орын алды. Қаза тапқан 14 әскери қызметшінің жеке басы анықталды. Үш адам құтқарылды, олардың біреуі ауруханада жатыр.
«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау жөніндегі халықаралық қоры қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.



