Кешірім сұраудың қажеті жоқ. «Эксклюзивтің» апелляциялық шағымы ішінара қанағаттандырылды
17 мамырда Астана қалалық сотының апелляциялық алқасы «Эксклюзив» талапкерден кешірім сұрауға міндетті емес деген қаулы шығарды.
Қаулыда «Соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылсын. Көрсетілген арна бойынша видео хабарлама түрінде кешірім сұрау туралы шешім қарар бөлігінен алынып тасталсын. Талапкер мен жауапкердің апелляциялық шағымы ішінара қанағаттандырылсын», - делінген.
Естеріңізге сала кетейік, «Издательский дом «Эксклюзив» ЖШС (Астана қ.) мұрагерлік күрес туралы мақала үшін берілген ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау бойынша сотта жауапкер болған. Журналистерге мақаланың кейіпкері қарсыластарының жабайы Арман ҰҚТ-на қатысы бар екенін айтқан. Содан кейін соңғысы сотқа шағым түсірген.
Сот үш жауапкерді, оның ішінде «Эксклюзив» редакциясын жарияланған мәліметтерді теріске шығаруға, үш талапкердің әрқайсысына 200 мың теңгеден төлеуге, соттағы өкілдерге жұмсалған шығындарды өтеуге (үшеуіне 920 мың теңге) және талапкерлерден видео форматта кешірім сұрауға міндеттеді.
Сәуірдің 22-сі күні «Әділ сөз» қоры бұл жағдайға қатысты құқықтық шолу жариялап, «жауапкерді көпшілік алдында кешірім сұрауға мәжбүрлеу талабын сот мүлде қарай алмайды. Өйткені мұндай қорғау тәсілі заңмен көзделмегенін» айтқан болатын.