Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Елордалық құрылыс салушы Ulys Media-мен сотта жеңілді

21 сәуір 2026

Ulys Media мақаласында  жалған ақпарат жоқ, елордалық құрылыс салушының беделіне нұқсан келтірмейді. Мақаланы жою және оны басылымның теріске шығаруын жариялау талап етілмейді. Мұндай шешімді Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық соты шығарды.

Құрылыс салушының талап-арызына «Республика» тұрғын үй кешені тұрғыны түсірген видеода уәде етілген экосаябақтың орнына тұрғын үй кешенінің жанынан «кәрізді су батпағының» пайда болуы, осы жағымсыз иісті сарқынды суды тоқтату туралы мемлекеттік органдарға қайта-қайта өтініш жасағаннан еш нәтиже шықпағандығы көрсетілген мақаланың жариялануы себеп болған.

Ulys Media басылымы әйелдің жазбасының жергілікті атқарушы органдарға жетуіне көмек бергені үшін жазба авторымен бірге құрылыс салушының талабы бойынша жауапкер болды.

Талапкер бұл ақпаратты жалған деп санап, видеода құрылыс салушының аты-жөні аталмаса да, коммуналдық апатқа ешкімді кінәламаса да, оның іскерлік беделіне нұқсан келтірді деп материалды алып тастауды және ақпаратты теріске шығаруды жариялауды талап етті.

Сот психологиялық-филологиялық сараптама тағайындады. Сараптама материалда құрылыс салушының қызметі туралы теріс ақпарат жоқ. Керісінше, азаматтардың қауіпсіз орта мен сөз бостандығына құқықтарын жүзеге асыруды білдіретінін растады. Құрылыс салушы тарапынан «сот шешімі алыпсатарлық пен жорамалға негізделуі мүмкін емес» деген талап арызы толығымен қанағаттандырылмады. Талапкерден сараптама бойынша сот шығындары өндірілетін болды.

Сотта жауапкердің мүддесін «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының заңгері Сергей Уткин қорғады.

«Әділ сөз» ел Конституциясы мен Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдер кепіл болатын журналистердің сөз бостандығы құқығын қорғаған судья Эльмира Ярулинаның шешімін құптайды.

Өз сұрағыңызды қойыңыз