Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

ЕҚЫҰ Қазақстандағы БАҚ плюрализмінің шектеліп отырғанын мәлімдеді

11 тамыз 2026

ЕҚЫҰ-ның сайлауды байқау миссиясы Құрылтай сайлауына дайындық барысы туралы аралық есеп жариялады. Құжатта Қазақстандағы БАҚ нарығындағы жағдай, саяси плюрализм деңгейі және өзін-өзі цензуралау үрдісінің таралуы бағаланған.

Есепке сәйкес, елдегі БАҚ нарығын мемлекет тікелей иелік ету және бюджеттен бөлінетін ашық емес субсидиялар арқылы бақылауда ұстайды. Миссияның пікірінше, бұл тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарының саны көп болғанына қарамастан, БАҚ-тағы плюрализмді шектейді.

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ (демократиялық институттар және  адам құқықтары жөніндегі бюро) миссиясының сұхбаттасушылары өзгеше пікір білдіретін адамдарға қысым жасалатынын айтқан. Олардың сөзінше, бұл жағдай өзін-өзі цензуралаудың таралуына ықпал етеді.

Бұдан бөлек, есепте шынайы оппозициялық партиялар мен тәуелсіз кандидаттардың жоқтығы атап көрсетілген. Миссияның кейбір сұхбаттасушыларының пікірінше, бұл азаматтардың саяси процеске толыққанды қатысуы мен саяси плюрализм мүмкіндігін шектейді.

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз