Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Диана Сапарқызына шабуыл жасау туралы іс сотқа жетуі керек

21 тамыз 2023

18 тамызда Қарағандыда журналистің заңды кәсіби қызметімен айналысу және қоғамға маңызды, өткір де бейтарап ақпарат беру құқығы бұзылды. «АрселорМиттал Теміртау» күзетшісі  Диана Сапарқызына кәсіби міндетін атқарып жүрген кезінде шабуыл жасады. Ол «Казахстанская» шахтасындағы өрт туралы хабар таратқан еді.

Шабуыл жасаушылар әрекеттері үшін жауапқа тартылмайтынына сенімді болып, өздерін дөрекі ұстаған. Өйткені, тәуелсіздік жылдарынан бері ҚР ҚК 158-бабы бойынша екі іс қана сотқа жетті. Мұндай қылмыстар жазасыз қалмауы керек. 
Сенбі күні Диана Сапарқызы медициналық сараптамадан өтіп, қазір нәтижесін күтіп отыр. «Әділ сөз» қоры журналиске құқықтық көмек көрсетеді.  Диана Сапарқызына шабуыл жасау туралы іс сотқа жетуі керек.

Біз журналистік қоғамдастық және толыққанды, шынайы және объективті ақпарат алу құқығына бей-жай қарамайтындардың барлығы шабуылдың құрбаны болған әйел журналисті қолдап, ал құзыретті органдар журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау фактісі бойынша объективті тергеуді жүргізуі керек деп санаймыз.
 

Өз сұрағыңызды қойыңыз