Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Белгісіз біреулер Exclusive.kz сайтының клонын жасап, редакция атынан жалған материал жариялады

23 қыркүйек 2026
Автор: Exclusive.kz

Exclusive.kz редакциясы басылым сайтының сыртқы келбетін көшірген кемінде үш клон-сайттың пайда болғанын хабарлады. Редакция олардың бірінде Exclusive.kz ешқашан дайындамаған және жарияламаған «Ақ жол» партиясының бұрынғы төрағасы Азат Перуашев туралы мақала орналастырылғанын мәлімдеді.

Клон-сайттар басылымның басты бетін қайталайды, ал оларда орналастырылған сілтемелердің басым бөлігі ресми Exclusive.kz сайтына апарады. Ашық тіркеу деректері бойынша домен иелерін анықтау мүмкін болмаған.

22 қыркүйек кешке жалған материалдардың сілтемелері Азат Перуашевке жаппай таратыла бастаған. Оның айтуынша, сілтемелерді оған 20-дан астам белгісіз нөмір жіберген. Перуашев материалды арандатушылық деп атап, құқық қорғау органдарына жүгінетінін мәлімдеді.

Клон-сайттар пайда болғанға дейін Exclusive.kz сайтына DDoS-шабуылы жасалған. Редакцияның мәліметінше, шабуыл 15 қыркүйекте басталып, әртүрлі қарқынмен жалғасып жатыр. Exclusive.kz редакциясы әзірге бұл шабуыл мен клон-сайттардың арасында тікелей байланыс бар екені анықталмады, дейді.

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры өзін жұмыс істеп жатқан БАҚ ретінде таныстырып, оның атынан жалған материалдар тарататын ресурстардың құрылуын редакцияға жасалған цифрлық қысым деп бағалайды.

«Әділ сөз» қоры клон-сайттардың иелері мен әкімшілерін, оларда орналастырылған контенттің қайдан алынғанын және оның таралуын анықтауға шақырады. Құқық қорғау органдары болған жағдайға құқықтық баға беруі тиіс. Ал домен тіркеушілері мен техникалық платформалар БАҚ-тың атауы мен келбетін заңсыз пайдаланатын ресурстарға қатысты шағымға жедел әрекет етуі қажет.

Өз сұрағыңызды қойыңыз