БАҚ-тағы этика. Күрделі тақырыптарды қалай жеткізу керек? Баспасөз релизі
Медиаға этика не үшін қажет? Оны сақтау міндетті ме? Этика журналистердің сот ісінен аулақ болуына қалай көмектеседі? Бұл 6 қазан күні Maqsut Narikbayev University-дегі Media Club Qazaqstan және «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының қолдауымен өткен «Медиадағы этика. Күрделі тақырыптарды қалай жеткізу керек?» атты тренингтің басты тақырыптары болды.
Тренингті ақпарат саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар медиа заңгер, LLM Ольга Диденко өткізді. Спикер қатысушыларға БАҚ көбіне сотқа дейінгі шағымдар мен талап-арыздарды жеке меншік құқығын емес, этикалық нормаларды бұзу салдарынан алатынын айтты. Сондай-ақ конфликттік жағдайлардың көпшілігі де этиканы бұзу себептерінен туындайды. Егер журналист этиканы сақтаған болса, ондай жағдайларды алдын алуға болады.
Тренингке қатысқан Media Club Qazaqstan мүшелері мен Maqsut Narikbayev University студенттері балалар, әлеуметтік осал топтар және суицид тақырыптарында материал жазу барысында қандай сөздер мен мәселелерге мұқият болу керектігін білді. Сондай-ақ алған дағдыларын іс жүзінде бекітті. Тренинг соңында БАҚ-ғы нақты материалдарды талдап, кездескен даулы мәселелерді талқылады.
«Этика кодексі кез-келген ұйымдарда бар және ол кодекстер ұйымның өз көзқарастарына байланысты жасалады. Егер этикалық кодекс жоғарыдан түссе - ол нәтиже бермейді. Бұл бір бөтен дүние ретінде қабылданады. Ал жұмыс істейтін этика кодексі қоғамның сенімін арттырады, БАҚ пен журналистердің қызметін реттейтін заңдар мен нормативтік актілердің санын азайтады», - деді Диденко.
Шара соңында тренингке белсенді қатысқандар естелік сыйлықтармен марапатталды.