Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

БАҚ-қа жасалған кибершабуыл – ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді

24 қаңтар 2024

«ӘДІЛ СӨЗ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӨЗ БОСТАНДЫҒЫН ҚОРҒАУ ҚОРЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры БАҚ пен журналистердің әлеуметтік желілердегі аккаунттарына жасалған кибершабуылдардың саны мен ауқымының артуына алаңдайды. Қордың мониторингі бойынша 2022 жылы 32 жағдай тіркелсе, 2023 жылы 52-ге жетті. Kursiv.Media, ProTenge, Atameken Business, «Обожаю», Shishkin_like және т.б. танымал әрі беделді басылымдар шабуылға ұшырады.
Бұл тенденция БАҚ бостандығына ғана емес, еліміздің демократиялық мемлекет ретіндегі беделіне қауіп төндіріп, әлемдік рейтингтегі орнын нашарлатуда. Кибершабуылдардың саны мен қарқындылығы редакциялардың жұмысын төмендетіп, БАҚ-тың экономикалық тұрақтылығына елеулі соққы беруі мүмкін. Олардың қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес, веб-сайттар мен аккаунттар қолжетімсіз болып, оқырмандар саны азайып, редакциялардың өздері ондаған миллион теңгені құрайтын орасан зор қаржылық шығынға ұшырауда.
Қаскөйлер өз мақсаттарына жету үшін қазірдің өзінде түрлі әдістерді қолдануда: DDoS шабуылдары, спам, электрондық пошта мен әлеуметтік желі аккаунтарды бұзу, фейк аккаунттар, бот-шабуылдар, әлеуметтік желілер әкімшілігіне жаппай негізсіз шағымдар, жеке деректерді ұрлау және тарату, киберқорқыту, телефон спамы БАҚ аккаунтын бұғаттауға тіпті жоюға әкеледі. Технологияның дамуымен және мұндай қылмыстық қызметтердің бағасының төмендеуімен шабуылдар саны артады.
«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры мұндай шабуылдарды журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау деп санайды. Біз құқық қорғау органдарын мұндай істер бойынша БАҚ-тағы мақалалар негізінде журналистердің мәлімдемесі болмаса да қылмыстық іс қозғауға шақырамыз.
Бұл кибершабуылдар БАҚ пен журналистерге ғана емес, барша қазақстандықтардың Конституция кепілдік берген еркін ақпарат алу құқығына қауіп төндіреді. Бүгін шұғыл шаралар қабылданбаса, ертең бүкіл елдің ақпараттық қауіпсіздігіне қауіп төнеді.

Өз сұрағыңызды қойыңыз