Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Әсет Матаевқа жасалған шабуылға қатысты «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының мәлімдемесі

19 наурыз 2026

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры Алматыда ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаевқа белгісіз бір топ адамның шабуыл жасап, кейін оның бұзақылық бабымен қозғалған қылмыстық іс бойынша қамауға алынғаны туралы ақпаратқа алаңдайды.

Адвокаттың айтуынша, белгісіз бір топ адам шабуылынан ауыр жарақат алған Әсет Матаевтың басы жарылып, сүйегі сынған. Полиция «бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, оқиғаға қатысқандардың барлығын ұстаған.

Қор жәбірленушінің қоғамдық мәртебесін және оқиғаның журналистердің кәсіби бостандығына ықтимал ықпалын ескере отырып, қазіргі жағдайға ерекше назар аударуды талап етеді.

Осыған байланысты «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры құқық қорғау органдарын оқиғаны жан-жақты, объективті, бейтарап тексеруге; оқиғаның нақты сипатын анықтауға; денсаулыққа келтірілген зиянды тиісті құқықтық бағалауды; және процессуалдық ережелердің сақталуына кепілдік беруге шақырады.

Қор мемлекеттік органдар тарапынан әсіресе медиа қауымдастық өкілдеріне қатысты кез келген зорлық-зомбылық оқиғасын мұқият ашық әрі құқықтық бағалауды талап етеді.

Бұл іс бойынша объективті және жан-жақты тергеу Қазақстан Республикасында журналистік қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өте маңызды.

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз