Amicus curiae: ҚазТАГ сенімді деп танылған сөздерді жариялағаны үшін жазаланды

Сот кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында сөзбе-сөз жарияланған дәйексөзді сенімді ақпарат, ал басқасында сенімсіз деп танып, басылымды жауапкершілікке тарта алады ма? Иә, мүмкін екен. Бірқатар БАҚ жариялаған дәйексөз заңды деп танылды; үш жағдайда БАҚ-ты жауапқа тартуды сұрап шағымданған талапкерлер шағымынан бас тартылды, тек ҚазТАГ лентасында дәл сол сөздер соттың пікірінше, талапкерлерді теріс сипаттайтын мәліметке айналды.
«ҚазТАГ» ХАА кейсі
Руслан Шәкенов 2024 жылдың 19 сәуірінде өткен баспасөз мәслихатында «Ақбұлақ-Агро» ЖШС құрылтайшылары Алтынбек пен Разия Тоқбаевтармен арадағы даулы жағдай туралы айтып, оларды заңсыз әрекеттерге барды деп айыптайды.
Тоқбаев А.А. және Тоқбаева Р.А. автор Руслан Шәкеновке, баспасөз мәслихатынан материал жариялаған kaztag.kz, orda.kz, astanatv.kz интернет-ресурстарының және sinegor.kz Instagram-паблигінің иелеріне қарсы ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау туралы сотқа талап арызбен жүгінді.
Бірінші және апелляциялық сатыдағы сот «ҚазТАГ» ақпараттық агенттігінен басқа, өзге жоғарыда аталған жауапкерлерге қойылған «теріс мәліметтерді алып тастау және теріске шығару», 200 000 теңге мөлшерінде моральдық шығын өндіріп беру туралы талапты қанағаттандырудан бас тартты.
Жағдайды құқықтық талдау:
Қаулының қарар бөлігінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы №6 «Сот тәжірибесінде жеке және заңды тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау туралы заңнаманы қолдану туралы» нормативтік қаулысының 12-тармағына тікелей қайшы келетін соттың алып тастау және теріске шығару туралы шешім қабылдаған нақты «теріс сипаттайтын мәліметтер» жоқ екенін атап өткен жөн. (Талапты қанағаттандыру кезінде сот шешімнің қарар бөлігінде қандай нақты жала жабатын ақпарат шындыққа жанаспайды деп танылғанын көрсетуге міндетті).
Сот «БАҚ туралы» Заңның 26-бабының (қазіргі уақытта «Масс-медиа туралы» Заңның 68-бабы) негізінде бұқаралық ақпарат құралдарын шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқаны үшін жауапкершіліктен толығымен босатты, өйткені олар Руслан Шәкеновтің баспасөз мәслихатындағы ресми мәлімдемесін сөзбе-сөз таратқан.
Алайда сот «ҚазТАГ» ХАА заңның осы нормасы негізінде жауапкершіліктен босатқан жоқ, агенттіктің материалында да Руслан Шакеновтың ресми мәлімдемесі сөзбе-сөз келтірілген.
Бірінші және апелляциялық сатыдағы сотта мұны анықтай алмады. Осылайша, сот барлығының заң мен сот алдындағы теңдігінің негізгі конституциялық қағидаттарының бірін бұзды (Конституцияның 14-бабы және АІЖК-нің 13-бабы).
«Әділ сөздің» ұсынысы:
«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры Жоғарғы сот «ҚазТАГ» ХАА «не екенін білмей-ақ» алып тастау және теріске шығару міндетінен босатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында барлығының заң мен сот алдында теңдігі туралы конституциялық қағидатты қалпына келтіреді деп үміттенеді.