Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Алматыда блогер журналистерді қолдап пикетке шықты

6 шілде 2023

Блогер Нұрәлі Айтеленов Алматы Полиция департаментінің алдына жалғыз адамдық пикетке шықты. 

Әйтеленов «Әділ сөз» тілшісіне: «Пикеттің бірінші мақсаты – Астанада ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы бойынша – билік өкіліне бағынбау («Құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы, мемлекеттік курьер қызметкерінің (әскери қызметкерінің) заңды бұйрығына немесе талабына бағынбау) бабы бойынша қамауға алынған «Дорожный контроль» қоғамдық ұйымының журналисі Антон Федорович Князевті босатуды талап етті. Пикеттің екінші мақсаты – Қарағанды қаласында полиция капитаны ҚазТАГ ХАА журналисі Диана Сапарқызын итеріп, оны балағаттауымен байланысты. Менің ойымша, бұл қалыпты жағдай емес, бұл заң жағында жүрген кез келген полицейді ақтамайды. Оған қатысты, менің ойымша, қызметтік талаптарды толық орындамау түріндегі тым жұмсақ тәртіптік жаза қолданылды», - дейді.

Еске салсақ, 28 маусымға қараған түні белгісіз ер адам ҚазТАГ журналисі Диана Сапарқызының үйіне кірмек болған. Ол Диананың шақыруымен келген полицейлерге журналистің үйінің мекен-жайы KyzdarNet сайтында жезөкшенің профилінде көрсетілгенін айтқан.
Диана мен тәртіп бұзушы арыз жазу үшін Қарағандыдағы полицияның Михайловский бөлімшесіне жеткізілді. Онда журналист тергеуші Жалғас Тұрсыновтың заңсыз әрекеттеріне тап болды. Тергеуші оның арызын қабылдағысы келмей итеріп, күш қолданып, балағаттаған.

28 маусымда Қарағанды облысының полиция департаменті (ПБ) Диана Сапарқызынан тергеуші Тұрсыновтың заңсыз әрекеті үшін кешірім сұрады. Тергеушінің әрекеті тексерілді. Тәртіптік комиссияның шешімімен полиция қызметкері қатаң тәртіптік (қызметтік атқаратын лауазымына толық сәйкес келмеуі) жауапкершілікке тартылды.
 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз