«Алматы» телеарнасының түсірілім тобына шабуыл жасалды
«Алматы» телеарнасының түсірілім тобына 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде 4 жасар Айкөркемнің қаза тапқаны туралы сот процесі жарияланған кезде шабуыл жасалды. Азаматтық белсенді журналистерге себепсіз шабуыл жасады.
Белялов Байбах журналист пен операторға дене жарақатын салып, камераның штативін сындырды. Қорқытып балағат сөздер айтты.
Редакцияның хабарламасында: «Біз Айкөркем Мелдеханның отбасымен орны толмас қазаның қайғысын шын жүректен бөлісеміз. Сонымен қатар, БАҚ өкілдеріне зорлық-зомбылық көрсетуге жол берілмейтін, жабайылық деп есептейміз және кінәлі тұлғаның заң шеңберінде жазалануын талап етеміз», - делінген.
«Алматы» телеарнасы өзінің ресми сайтында Бас прокуратурадан, Ақпарат министрлігінен және ІІМ-нен арна қызметкерлерінің ар-намысын, абыройын және қауіпсіздігін қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды сұрады.