Ақтөбедегі журналистерге арналған семинар: «Журналистік зерттеу: кәсіби және қауіпсіз»
20 маусымда Ақтөбеде журналистер мен блогерлерге журналистік зерттеу жүргізуге арналған семинар өтті. Шара осы салада біліктілігін арттыруға қызығушылық танытқан қатысушылардың басын қосты.
Семинар бағдарламасында өзекті тақырыптар бойынша дәрістер оқылды, тәжірибелік сценарийлер талданды, құқықтық аспектілерге шолу жасалды.
Семинар спикерлері осы саланың белгілі мамандары болды. «QOS live» жобасының авторы, журналист Айнұр Коскина журналистік зерттеу жүргізудегі бай тәжірибесімен бөлісті. Айнұр тақырып таңдау, деректерді жинау және талдау әдістері, материалды баспаға дайындау сияқты жұмыстың негізгі аспектілеріне тоқталды. Ол сәтті зерттеу мұқият таңдалған тақырып пен гипотезадан басталатынын айтты. Айнұр ақпаратты жинау әдістері, соның ішінде ресми сұрау салу, сұхбат, құжаттарды талдау және онлайн ресурстарды пайдалану туралы егжей-тегжейлі баяндап, материалды дайындау кезінде үлкен деректерді талдау үшін ЖИ (жасанды интеллект) қалай пайдалануға болатынын көрсетті.
«Әділ сөз» қорының заңгері Сергей Уткин «Масс-медиа туралы» жаңа заңға, журналистік зерттеудің құқықтық аспектілеріне тоқталды. Ақпарат тарату кезінде журналистер үшін қандай міндеттер мен жауапкершіліктер бар екенін егжей-тегжейлі түсіндірді. Сергей заңдық нормаларды сақтаудың маңыздылығын, дұрыс емес немесе тексерілмеген деректерді жариялау жауапкершілігі туралы айтты. Мүдделі тұлғалар тарапынан қауіп немесе қысым болған жағдайда журналистердің құқығын қорғау әдістері туралы баяндады.
Семинарға қатысушылар белсенді түрде пікір алмасып, баяндамашыларға сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Қатысқан және бұл күнді мазмұнды және пайдалы еткен барлық адамдарға алғыс айтамыз!