«Әділ сөз» қорының президенті Карла Жаманқұлова Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесуге қатысты
21 маусым 2023

(c) Bundesregierung/Jesco Denzel
20 маусымда «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Карла Жаманқұлова Германияның Федералдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесуге қатысты.
Жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан Штайнмайер мырза мемлекеттік сапары барысында азаматтық қоғам өкілдерімен кездесіп, елдегі жағдай мен ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы пікірлерін білді.