«Әділ сөз» қоры сіздерді халықаралық Баспасөз еркіндігі күнімен құттықтайды!
2 мамыр 2025

Құрметті әріптестер!
«Әділ сөз» қоры сіздерді халықаралық Баспасөз еркіндігі күнімен құттықтайды!
Бұл күнтізбедегі жай ғана дата емес, біздің ортақ мақсатымыз — шындықты айту, сөз бостандығы мен қоғамның ақпарат алу құқығын қорғауды еске салатын маңызды күн.
Сіздердің әрқайсыңыз күн сайын дауысы естілмейтіндердің үнін жеткізуде уақыттың қиындығы мен қысымына қарамастан тәуекелге барып маңызды жұмыс атқарасыздар.
Біз сіздер сияқты батылдығы, шыншылдығы, адалдығы Қазақстанда тәуелсіз журналистиканы қалыптастыратын нағыз шеберлермен жұмыс істегенімізді мақтан тұтамыз.
Сөздеріңіз өтімді, қаламдарыңыз қарымды, жұмыстарыңыз құрметті ал құқықтарыңыз қорғалған болсын.
Мерекелеріңізбен!
Құрметпен, «Әділ сөз» қорының ұжымы.